Университет қабырғасында «Саналы Ұрпақ» жобалық кеңсесінің ерікті студенттері марапатталды
Жыл бойы белсенділер академиялық адалдықты қамтамасыз етуге, зейнеткерлерге көмек көрсетуге, студенттерді қолдауға бағытталған түрлі іс-шараларға қатысты. ЖОО еріктілері «Таза сессия» акциясын өткізуге, жатақханаларға мониторинг жасауға атсалысады. Рәсім барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдықты және қазіргі заманғы өзара көмек мәдениетін қалыптастырудағы еріктілер қызметінің жоғары маңыздылығы атап өтілді. Белсенді азаматтық ұстанымы, қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қосқан жеке үлесі, сондай-ақ «Саналы Ұрпақ» жобалық кеңсесінің іс-шараларын өткізуге көмек көрсеткені үшін үздік еріктілерге алғыс хаттар табысталды. Барлығы 10 белсенді студент марапаттарға ие болды.
Әрі қарай оқу