"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Біз QS әлемдік рейтингіне ендік!
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті алғаш рет беделді QS әлемдік рейтингіне енді, бұл білім мен ғылым саласындағы жоғары деңгейімізді дәлелдейді. Бұл – бүкіл ұжым үшін үлкен жетістік және халықаралық танылуға бастар жол!
Қос диплом - қос мүмкіндіктер!
Kozybayev University болашаққа шақырады! Біз Аризона (АҚШ) Университетімен бірлесіп, әлемдік деңгейдегі білім мен халықаралық перспективаларды ұсынамыз. Бағдарламаның басты бетінде қабылдау шарттарын біліңіз. Қабылдау комиссиясының телефоны 8(7152) 49-30-37.
Білім алу – ешқашан кеш емес!
Егер сіздің жасыңыз 50-де немесе одан көп болса – бұл тоқтауға себеп емес, керісінше, өмірдің жаңа бетін бастауға тамаша мүмкіндік. Күміс университеті Сізді қызықты курстарға шақырады: цифрлық дағдылардан бастап шет тілдеріне дейін, йогадан бастап шығармашылық шеберлік сабақтарына дейін. Біздің қауымдастыққа қосылыңыз және өзіңізден жаңа мүмкіндіктерді ашыңыз!
AI-Sana KU-де!
AI-Sana жобасы - болашаққа жасалған қадам. Бұл жерде студенттер тек жасанды интеллектті үйреніп қана қоймай, оны өздері де жасайды. Базалық курстардан бастап – стартаптар мен университетке нақты енгізуге дейін. Біздің жобалар.
Astana Hub ұсынған Startup Academy тегін курсы. Тіркелу сілтемесі.
Тұрақты даму
Kozybayev University тұрақты даму идеясын қолдайды және оны іске асыруға нақты үлес қосады. Біз қазіргі заманғы білім тек білім беріп қана қоймай, қоршаған ортаға, экономикаға және қоғамға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға тиіс екеніне сенімдіміз. Университет жаңа ұрпақты жауапты шешімдерге шабыттандыра отырып, осы бағыттағы жұмысын кеңейтуді жалғастыруда. Толығырақ.
Әскери кафедраны таңда!
Университеттің әскери кафедрасына құжаттарды қабылдау басталды. Әскери кафедра - әскери даярлықтан өтуге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік. Конкурстық іріктеу туралы толығырақ.
Университет және агробизнес: тәжірибеге бағытталған өзара байланыстың жаңа бағыттары Kozybayev University
Университет және агробизнес: тәжірибеге бағытталған өзара байланыстың жаңа бағыттары

Жұмыс сапары аясында Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев пен Агротехнологиялық факультетінің өкілдері  Новоишимский мелькомбинатына барды. Аймақтың азық-түлік базасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын заманауи жемшөп өңдеу кәсіпорны. Комбинат астық шикізатын озық өңдеуге маманданған және тәулігіне 2500 тоннаға дейін жем ұнын өндіреді. Ағымдағы жылы кәсіпорында  жоғары өнімді рациондарды әзірлеуге және шығаруға, өңірдің сүт және ет фермаларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «келісімшарттық жем өндіру»жаңа бағыты іске қосылды. Екінші нысан «Будённое» ЖШС — жоғары өнімді мал шаруашылығын дамытуға бағытталған заманауи сүт-тауар фермасы болды. Бүгінгі күні кәсіпорынға ірі қара малдың алғашқы партиясы жеткізілді, қосымша партиясы да күтілуде. Сапар барысында жануарларды ұстау және азықтандыру технологиялары, өндірістік процестерді ұйымдастыру  мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Нәтижесінде екі тарап тәжірибеге бағдарланған өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді. Тараптар білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыру, кәсіпорындардың білім беру процесіне қатысуы, сондай-ақ аграрлық ғылымның басым бағыттары бойынша ұйымдар консорциумы шеңберіндегі ынтымақтастық орнатуға келісті. Жемшөп сапасын бағалау мен азықтандыруды оңтайландыру, мал шаруашылығы жобаларын ғылыми қолдау, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша Жол картасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол жеткізді.

Әрі қарай оқу
10 ақпан 2026
Студенттер конституциялық реформаны талқылауға қатысты Kozybayev University
Студенттер конституциялық реформаны талқылауға қатысты

Университет қабырғасында «Талқылау» диалог платформасы форматында Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылау бойынша кездесу өтті. Шараға халықаралық кампус студенттері, оқытушылар және қалалық мәслихатының депутаттары, AMANAT партиясының «Болашақ» филиалының өкілдері қатысты. Спикерлер атап өткендей бүгінгі қоғамда әділдікке, ашықтыққа, үкіметтің есеп беруіне және елді басқаруға азаматтардың шынайы қатысуына деген сұраныс артып келеді. Дәл осы талап конституциялық реформалардың бастапқы нүктесіне айналды. AMANAT партиясының «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зельдің айтуынша бұл талқылаудың университеттік деңгейде өтуі ерекше маңызды. Білім алушылар арасында сыни ойлау, азаматтық белсенділік және елдің болашағы үшін жауапкершілікті түсіну қалыптасады. Оқытушылар мен студенттер реформалардың мәнін түсіндіруде және қоғамдық диалогты дамытуда орасан зор рөл атқарады. ҚР жаңа Конституциясының жобасы– мазмұны мен өзгерістерінің ауқымы дәстүрлі конституциялық түзетулердің ауқымынан әлдеқайда асып түсетін құжат. «Әлеуметтік желіде конституциялық реформа туралы көптеген жалған жаңалықтар бар. Сондықтан әркімнің жаңа жобамен танысып өткені маңызды. Өйткені, қазіргі уақытта бұл жобаны талқылау жалғасуда, түзетулер енгізілуде және комиссия күн сайын жұмыс істейді»,- деді қалалық мәслихат депутаты Елена Семидоцких. Студенттер түсіндірме сұрақтар қойып, түзетулер бойынша өз пікірлерін білдіре алды

Әрі қарай оқу
10 ақпан 2026
Қозыбаев университетінде магистратура студенттерінің оқу бітіру кеші өтті Kozybayev University
Қозыбаев университетінде магистратура студенттерінің оқу бітіру кеші өтті

Дене шынықтыру, құқық, филология, инженерия, журналистика және басқа да салалар үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудағы тағы бір кезең аяқталды. Биыл магистратура бағдарламасын 44 студент бітірді, олардың 7 AlmaU-мен бірлескен бағдарлама бойынша MBA дипломдарын алды. Іс-шараға құрметті қонақтар, түлектер жиналды. «Магистр дәрежесі- сарапшы, зерттеуші ретінде саналы таңдау жасауға серпін береді. Оқу барысында білім алушылар диссертациялық жұмыс пен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу арқылы ғылымға үлес қосты. Біздің аймағымызға педагогика, инженерия, агрономия сыңды басқа да салалар бойынша білікті кадрлар қажет»,- деді  Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Айгуль Нурпеисова. Университет ұжымы магистратура түлектерін шын жүректен құттықтайды! Кәсіби өсу және тамаша жетістіктер тілейміз!

Әрі қарай оқу
09 ақпан 2026
Ислам Евлоев  Zagreb Open 2026 беделді турнирінде екінші орын алды Kozybayev University
Ислам Евлоев Zagreb Open 2026 беделді турнирінде екінші орын алды

Қозыбаев университетінің грек-рим күресінен балуаны Ислам Евлоев ел намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Біздің спортшымыз UWW сериясындағы Zagreb Open 2026 (Хорватия) турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Жарыс 4-8 ақпан аралығында өтті . Ислам 97 келіге дейінгі жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынасып, әлемнің ең мықты балуандары арасында екінші орын алды. Ислам Евлоев - Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ФКС-22-1 тобының студенті. Ол U20 әлем Чемпионаты мен жастар арасындағы Азия Чемпионатында, сондай-ақ ҚР XIII жазғы универсиадасында жеңіске жетті. Өткен жылы Эр-Риядта өткен 6-шы Ислам ынтымақтастық ойындарының финалында спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Ислам халықаралық беделді сайыстарда үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Спорт жолында тек табыс тілейміз!

Әрі қарай оқу
09 ақпан 2026
«Өрлеу-Қозыбаев университеті» жобасы: білім берудегі бағалау сапасы туралы диалог Kozybayev University
«Өрлеу-Қозыбаев университеті» жобасы: білім берудегі бағалау сапасы туралы диалог

Университетте «Студенттердің академиялық жетістіктеріне шынымен не әсер етеді (Дж. Хетти жаһандық зерттеулеріне негізделген)» дәріс өтті. Бұл іс-шара «Өрлеу- Қозыбаев университеті» жобасының аясында, «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы СҚО кәсіби даму институтымен серіктестікті нығайту мақсатында өткізілді. Негізгі баяндамашы ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, СҚО кәсіби даму институтының директоры және университетіміздің түлегі Лейла Альмагамбетова сөз сөйледі. Дәріс Аризона университетімен бірлескен педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша 2 курс студенттеріне арналған «Білім беру реформаларын контекстке келтіру» курсы аясында ұйымдастырылды. Қонақ дәрісінің мақсаты білім беру реформасының тақырыбы болып табылатын бағалауды педагогикалық тәжірибе тұрғысынан ұсыну. Талқылауда білім беру саласындағы зерттеушісі және Мельбурн университетінің профессоры Дж. Хеттидің жаһандық зерттеулерінің материалдары мен нәтижелері ұсынылды. Шара соңында сыни ойлау тұрғысынан ең үздік сұрақтардың авторлары п.ғ.д. А. Мурзалиновадан «Жоғары оқу орнының академиялық дербестігі жағдайында үздіксіз кәсіби даму құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» монографиясын алды.

Әрі қарай оқу
09 ақпан 2026
Қозыбаев университеті ғалымдарының қатысуымен Ломбок аралының туристік әлеуеті туралы халықаралық монография жарық көрді Kozybayev University
Қозыбаев университеті ғалымдарының қатысуымен Ломбок аралының туристік әлеуеті туралы халықаралық монография жарық көрді

ЖОО-ға Түркиядан келген  ғалым, Бурса Улудаг университетінің профессоры доктор Эмин Атасой қазақстандық және шетелдік ғалымдармен бірлесіп, «Индонезиядағы жаңа перспективалы туристік бағыты – Ломбок аралы: туристік жерлер, кеңістік бөлу және аймақтық даму» тақырыбында ғылыми-зерттеу монографиясын дайындап, жариялады. Монографияның авторлық құрамында «География және экология» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. Бану Доскенова бар. Жұмыста халықаралық туризмді дамытудың замануи үрдістері, туристік бағыттардың тұрақты даму мәселелері және оларды  әлемдік туризм нарығына интеграциялау перспективалары қарастырылады. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың нәтижесінде шыққан басылым-ғалымдардың, оқытушылар мен студенттердің , сондай-ақ география, туризм, аймақтық даму және экономика саласындағы мамандардың қызығушылығын арттырады. Монография университетіміздің халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. ЖОО-ның география мен туризм саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға қосқан үлесін арттырады.

Әрі қарай оқу
09 ақпан 2026
KU ұжымы жаңа Конституция жобасына қатысты пікір алмасты Kozybayev University
KU ұжымы жаңа Конституция жобасына қатысты пікір алмасты

ЖОО басшылығы, басқарма мүшелері, оқытушылар мен қызметкерлер ҚР жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдарын талқылау мақсатында  жиын өткізді. Басқосуда сөз алған спикерлермен қатар студенттер де өз ой-пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты Шараны бастаған Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев конституциялық өзгерістерді кәсіби тұрғыда талқылаудың маңыздылығына тоқталып,  құжат- еліміздің ертеңін айқындайтын стратегиялық мәні зор қадам екенін айрықша атады: «Бұл құжат– әрбір азамат үшін, әсіресе елдің ертеңін қалыптастыратын жастар үшін маңызды. Өзгерістер қазіргі Конституцияның көптеген ережелеріне әсер етеді. Алғаш рет кіріспе деңгейінде білім, ғылым, мәдениет және инновациялар ел дамуының негізгі құндылықтары ретінде бекітіліп, одан әрі жобаның баптары мен тармақтарында пәндік-құқықтық толықтырулар алынады. Яғни, бұл басымдықтар биліктің барлық тармақтары үшін ең жоғары құқықтық негізге айналады. Біз үшін - бұл жоғары академиялық жауапкершілік» Қатысушылардың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтіп, құқықтық нормалардың тиімді іске асуына жаңа мүмкіндік береді

Әрі қарай оқу
06 ақпан 2026
Біздің судент Қазақстан құрамасының қоржынына «алтын» әкелді Kozybayev University
Біздің судент Қазақстан құрамасының қоржынына «алтын» әкелді

Университетіміздің спортшылары отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосып, республикалық және әлемдік деңгейде сенімді өнер көрсетіп келеді! ЖОО-ның екі студенті ұлттық құраманың қатарына кіреді. Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өткен тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында жеке жарыста бақ сынасты. ПФ білім алушысы ФКС 23-1 Мансур Бейсембай Азия чемпионы атанды! Мансур 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы жеке жарыста жеңіске жетті. Әлемнің түкпір-тікпірінен қатысқан мықты қарсыластарын озып, 24,6 км жерді 29 минут 03 секундта жүріп өтті. Мансур Бейсембайды тамаша жеңісімен құттықтаймыз! Білім ордамыздың студенті Михаил Подлужныйға жаңа жеңістер тілейміз!

Әрі қарай оқу
06 ақпан 2026
Біздің әріптесіміз, доктор Дженни Лиді шын жүректен құттықтаймыз! Kozybayev University
Біздің әріптесіміз, доктор Дженни Лиді шын жүректен құттықтаймыз!

Дженни Ли – Аризона университетінің халықаралық істер бойынша вице-президенті, деканы, халықаралық білім беру саласының беделді сарапшысы .  Ол 2026 жылы Education Week журналы жариялаған Edu-Scholar Public Influence Rankings рейтингі бойынша АҚШ-тағы білім беру саласының ең ықпалды 200 ғалымы қатарына енді. Дженни Лиді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жоғары баға доктор Лидің білім саясаты, ғылыми зерттеулері және халықаралық білім беру саласындағы ерен еңбегін дәлелдейді. Kozybayev University үшін бұл жетістік айрықша маңызды. Біздің университет Қазақстанда микрокампус форматы бойынша АҚШ университетімен стратегиялық әріптестік орнатқан алғашқы оқу орны болып табылады. Біз The University of Arizona сияқты білім беру саласының жаһандық көшбасшыларымен ынтымақтаса жұмыс жасаймыз. Бұл әріптестік академиялық байланыстарды нығайтып, студенттер мен оқытушыларға халықаралық мүмкіндіктер ашады, сонымен қатар Қазақстандағы ғылым мен білім дамуына жаңа мүмкіндіктер береді. Доктор Дженни Лиге халықаралық білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі, кәсібилігі және стратегиялық әріптестікті қолдағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Жаңа жетістіктер мен жаһандық бастамаларға шабыт  тілейміз.

Әрі қарай оқу
05 ақпан 2026
Конституциялық реформалардағы жастардың рөлі Kozybayev University
Конституциялық реформалардағы жастардың рөлі

Осы аптада оқу ордамыздың AФ, ТӘИ және ТЭҚФ факультеттерінде AMANAT партиясының «Болашақ» филиалының қолдауымен ҚР жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шара модераторы AMANAT партиясының «Болашақ» филиалының хатшысы Александр Зель конституциялық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті: «Жаңа Конституцияның мазмұны, ұсынылып отырған бастамалары саяси жүйені жетілдіруге ықпал етеді.Сонымен қатар, білім беру жүйесі мен жастар тәрбиесінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге құқықтық сананы арттыруға бағытталған ». Кездесу барысында Конституцияның рөлі, азаматтық қоғамды дамыту, құқықтық мәдениет, этносаяси тұрақтылық және жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мәселелері талқыланды. Спикерлер конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Әрі қарай оқу
05 ақпан 2026
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
Студенттерге арналған «Халықтану» білім беру лекториясы аясында «Поляктар» тақырыбында (ағылшын тілінде) дәріс

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы студенттерді «Халықтану» білім беру лекториясы аясында «Поляктар» тақырыбында (ағылшын тілінде) өтетін дәріске шақырады. Сіздерді №1 корпус, 115-аудиторияда күтеміз.

Психологиялық клуб шақырады!

Әр бейсенбі күні университеттің Психологиялық клубы өз жұмысын жүргізеді. Барлық қызығушылық танытқан жандарды шақырамыз! Кездесу уақыты – 19:00, мекенжайы: Жұмабаев көшесі, 158, А блогы, 12-кабинет.

Disco Party

Өткізіп алуға болмайтын диско-кеш! Сіздерді керемет музыкасы мен тамаша атмосферасы бар нағыз дискотекаға шақырамыз! Келіңіз - кеш жарқын, көңілді әрі әсерлі болады! Музыка, тоқтаусыз билер және қайта-қайта оралғың келетін ерекше атмосфера. Баршаңызды 13 ақпанда сағат 18:30-да, 1-корпусқа күтеміз.

Тағы көрсету
6525 білім алушылар
10 оқу
ғимараттары
138 білім беру
бағдарламалары
6 жатақханалар
400+ профессор-
оқытушылар құрамы